Бурятияда бойжеткеннің асқазанынан екі келі шаш шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Бурятияның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Улан-Удэ қаласында 19 жастағы бойжеткен дәрігерге тамақ ішкен соң өзін әлсіз сезінетінін, асқазаны ауырып, жүрегі айнып және құсқысы келетінін айтқан. Дәрігерлер оның асқазаны мен аш ішегінің бір бөлігінен ұзындығы жарты метр, салмағы екі келі тартатын шашты ота жолымен алып шыққан. 

Ота сәтті аяқталып, бойжеткен ауруханадан шықты. Ол қазір өзін жақсы сезініп, арнайы диета ұстайды. 

"Мұның бәрі кішкентай кезінен шашының ұшын тістеуден басталған болуы мүмкін", - дейді ота жасау бригадасының басшысы Батор Дондоков. 

Оның айтуынша, кездейсоқ жұтып қойған шаш асқазанға түсіп, сол жерде қалып қояды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы