Асқар Үмбетәлиев Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділет министрінің бұйрығымен Асқар Ерболатұлы Үмбетәлиев Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
Асқар Үмбетәлиев 1980 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы экономика университетін, King’s College London-ды (Ұлыбритания) тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы «КазЮжBодСтрой» АҚ-да 4-разрядты монтаждаушы болып бастады.
Әр жылдары Қаржы, Әділет министрліктерінің, «СҚ-Фармация» ЖШС құрылымдарында жұмыс істеді.
2016-2020 жылдары Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру, ішкі әкімшілендіру департаменттерінде әртүрлі лауазымдарда қызмет етті; Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығын басқарды.
2021 жылғы ақпан айынан бастап Әділет министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та атыстан тағы 3 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы