Асқар Садықов Мәжіліс депутаты мандатынан айырылды

Бұл туралы «Ақ жол» ДП төрағасы Азат Перуашев Телеграм каналында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демпартиясының ұсынымы бойынша Мәжіліс депутаты Асқар Садықовты депутаттық мандатынан айырды.

Бұл шешімге А. Садықовтың депутаттың мәртебесіне сай келмейтін әрекеттерге барғаны негіз болды.

Аталмыш фактіні партиялық органдар өз бетінше анықтаған және ҚДП пленумында қаралған соң, А. Садықов партиядан шығарылды, соған байланысты ол депутаттық мандатынан айырылды, - деп жазды Перуашев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы