21 Қазан 2026, 15:22

Асқар Омаров Қошановтың кеңесшісі болып тағайындалды

Орталық коммуникациялық қызметінің экс-директоры Асқар Омаров Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Қазақстан Халық Кеңесінің баспасөз қызметі растады.

Асқар Омаров 1976 жылғы 30 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Әр жылдары мемлекеттік қызметтер атқарған. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, сондай-ақ Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметтерін атқарған.