Аспара стансасында пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара стансасында жүк вагондары рельстен шығып кеткеннен кейін тоқтаған пойыздар қозғалысы қайта қалпына келтірілді. 

Оқиға салдарын жоюға Шу және Тараз станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. Вагондардың рельстен шығуы нәтижесінде жолаушылар пойыздары тоқтатылған болатын. Жолаушылар тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді. Компания жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы