"Аспаннан түскен ақша": Кездейсоқ байып шыға келген ер адам жауапқа тартылды

Павлодар тұрғыны күтпеген жерден 3 миллион теңге көлемінде қаржыға ие болып, бұл оқиға оны сотқа жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар тұрғыны қате жолмен белгісіз адамға үлкен сомадағы ақшаны аударып жіберіп, оны қайтару үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

"Бақытты адам" кенеттен шотында миллиондар пайда болғанын көріп, оны өзіне қалдыруға шешім қабылдаған. Сол себепті жағдайды сот арқылы шешуге тура келген.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы 2025 жылдың маусым айында жауапкердің банк картасына үш траншпен жалпы сомасы 3 000 000 теңге ақша аударған. Тараптар арасында ақша қаражатын аударудың шарттық немесе өзге де заңды негіздері болмаған.

Ер адамдар бір-бірін мүлде танымаған. Олардың арасында келісімшарттар, мәмілелер немесе жеке міндеттемелер болмаған. Нөмірді тергенде немесе контактіні таңдаудағы қарапайым абайсыздық үлкен соманың жоғалуына әкелген.

Жауапкер ақша қаражатын алу фактісін жоққа шығармады, бірақ олардың шотына заңды түсуін дәлелдей алмады. 

Іс бойынша ұсынылған материалдар талап қоюшының ақшасы жауапкердің шотына түскенін растады.

Сот бұл ақшаны "негізсіз баю" деп таныды. Заңға сәйкес, егер қаражатты алу үшін заңды негіз (сату-сатып алу келісімі, несие немесе сыйлық актысы) жоқ болса, ақша иесіне қайтарылуы тиіс.

Алынған қаражат негізсіз баю болып табылады және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 953-бабына сәйкес талап қоюшыға қайтарылуға жатады, – деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы