Асхат Дауылбаев бұрынғы қызметінде қалатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еліміздің бұрынғы бас прокуроры Асхат Дауылбаев ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметіне қайта тағайындалды.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Дауылбаевтың Конституциялық кеңес мүшесі қызметіндегі өкілеттік мерзімі бүгін аяқталғанын айтты.Конституцияға сәйкес, Асхат Дауылбаевты Конституциялық кеңес мүшесі қызметіне тағайындаған болтынбыз. Бүгін оның өкілеттік мерзімі аяқталды. Осыған байланысты ата заңға сәйкес, А. Дауылбаевтың кандидатурасын қайта тағайындау үшін ұсынып отырмын, - деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс депутаттары Дауылбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Жалпы, Конституциялық кеңес жеті мүшеден тұрады. Президент кеңестің төрағасы мен екі мүшесін, Сенат пен Мәжіліс екі-екі мүшеден тағайындайды.
Асхат Дауылбаев 1962 жылы 22 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2001 жылдың 16 қаңтарынан 2011 жылдың 14 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары қызмет атқарды. 2011 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасының бас прокуроры болып тағайындалды. Жаңаөзен оқиғасы кезінде бас прокурор қызметін осы Асхат Дауылбаев атқарған. Бұл қызметінен 2016 жылы кетті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус: 11 наурыздағы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай
Өзгелердің жаңалығы