Әскерилердің жалақысы 70 пайызға өседі

Әскердегі ең үлкен мәселесі қандай? Бұл сұраққа жауапты Қорғаныс министрлігі бақ-пен жұмыс басқармасының бастығы Руслан Жангулин айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.  

Әрине, мәселелер бар. Қазіргі таңда оңтайлы жолмен шешіліп жатыр. Ең басты мәселенің бірі - баспана. Өйткені әрбір әскери алаңсыз қызмет ету үшін оның баспанасы болуы қажет. Азамат «қай жерде тұрамын, қай жерде жүремін» деп алаңдамауы тиіс. Осыған дейін  олардың отбасы мүшелерін тиісті тұрғылықты жерлері бойынша жұмыспен қамту, баласын балабақшаға орналастыру мәселесі туындайтын еді. Ол біздің «Әскери қызмет және әскерлердің мәртебесі туралы» заңға сәйкес, шешіліп жатыр. Әсіресе, 2018 жылдан бастап аталған заңға өзгерістер енгізілді. Жалпы, баспана мәселесі  толықтай шешілді деп айтуға толық негіз бар. Неге десеңіз, бұрын әскери қызметкерлер көбіне пәтерді жалдап келді, сол үшін ақша төлеген болатын. 2018 жылы бастап әрбір әскери қызметшінің банктегі есепшотына ақша аударылады. Яғни, әрбір аймақтың өзінің арнайы төлемақысы болады. Мемлекет әскери қызметшілерді  жұмыспен қамтып, олардың балаларын кезектен тыс балабақшаға орналастырады, - деді Желмая қонағы.

Сонымен қатар спикер әскери қызметшілердің жалақысы өсетінін айтты.

2021-2023 жылдар аралығында әскерилердің жалақылары 70 пайызға дейін ұлғаяды, - деді Руслан Жангулин. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы