Әскерилер төтенше жағдайларды жоюға тартылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильин мен Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың кездесуі өтті.

ТЖМ және Қорғаныс министрлігінің басшылары ТЖ алдын алу және жою бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Кездесу барысында ТЖ жоюға байланысты міндеттерді жедел шешу үшін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі және оның туындауы кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану алгоритмін әзірлеу туралы мәселе қаралды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде дағдарыс жағдайларында жедел әрекет ету және басқару тактикасы бойынша толық білім алу үшін ТЖМ басқару органдарының басшы және ғылыми – педагогикалық құрамын оқыту мәселелері талқыланды. Ұлттық қорғаныс университеті базасында “Азматтық қорғау" кафедрасын құру мәселесі талқыланды. Оның қызметіне ТЖМ мамандары тартылатын болады. Қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарында радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, сондай – ақ байланысты ұйымдастыру мамандығы бойынша құтқарушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарда бар - делінген хабарламада.

Өз кезегінде ТЖМ Қарулы Күштердің өртке қарсы қызметі әскери қызметшілерін ТЖМ Көкшетау техникалық институтында курстық даярлықтан өткізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы