Әскерилер тактикалық оқу-жаттығуда дағдыларын жетілдіруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдерінде жауынгерлік оқ атумен роталық-тактикалық топтардың тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталыш оқу-жаттығу роталық-тактикалық топтардың үйлесімділігінің соңғы кезеңінде өтуде. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты роталардың жауныгерлік әзірлігін, олардың үйлесімділігін тексеру, әскери қызметшілердің өздерінің функционалдық міндеттерін іс жүзінде орындауларына баға беру, практикалық машықты шыңдау болып табылады.

Оқу-жаттығу кезінде бөлімшелер іс жүзінде арнайы жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде өзара іс-қимыл жасау мәселелерін пысықтайды. Дұрыс тактикалық іс-қимылдарға, ұрыста қаруды шебер әрі тиімді пайдалану мен бөлімшелердің атысын басқаруға, сондай-ақ қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуына айрықша назар аударылады.

Әртүрлі қашықтықта нысаналарды жою, қол гранаталарын лақтыру, әуе нысаналары бойынша атысты жүргізу және түнгі көздеуіштерді пайдалана отырып, атысты жүргізу қарастырылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы