Әскерилер Оралға арнайы бортпен аттанды
Қарулы күштердің 25744 әскери бөлімінің 200-ден астам әскери қызметшісі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына арнайы бортпен аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Теңіз жаяу әскері су тасқынына қарсы іс-шараларда көмек көрсетуге ұшып кетті. Бүгінгі таңда теңіз жаяу әскері бригадасынан 600-ден астам әскери қызметші бөлінген.
300-ден аса жауынгер Атырау облысының Махамбет ауданында жұмыс істеуде, 100-ге жуығы Құлсарыға (дезинфекция) аттанды. 200-ден аса әскери қызметші бүгін Оралға ұшып кетті. Жұмысқа 20-дан аса әскери техника жұмылдырылған, оның ішінде 4 авто құю станциясы да бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Халық инфосығандардан қалай қорғалады
Өзгелердің жаңалығы