Әскерилер балаларға арналған мерекелік сайыс ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық балаларды қорғау күні Шымкенттегі механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері балаларға арналған «Балалар – біздің болашағымыз» мерекелік спорттық сайысын ұйымдастырды.

Әскери қызметшілердің балалары эстафетада, мини-футболда және үстел теннисінде сайысқа түсті. Олар керемет физикалық қасиеттерді, спорттық рухты және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын көрсетті.

2006-2010 жылдары туған балалар арасында шағын футболдан турнир мерекелік спорттық іс-шараларды ашты. Жеңіс үшін алты команда күресті. Үстел теннисінен турнирге 10-12 жас аралығындағы қыздар қатысты.


Мини-футбол және үстел теннисі бойынша жарыстар аяқталғаннан кейін жарыстың барлық қатысушылары эстафетада өздерінің үйлесімділігін көрсету үшін командаларға бірікті.

Біздің балаларымыздың жарқын және әдемі болашағы оларға қамқорлық жасаудан басталады. Біз ересектер өсіп келе жатқан балаларға, олардың бейқам балалық шақтарын еске түсіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Осындай спорттық жарыстар командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысты тәрбиелеуге мүмкіндік береді, салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді, – деп атап өтті бригада командирінің орынбасары подполковник Азамат Нұрмаханов.


Жеңімпаздарды жеке және командалық біріншілікте анықтап, оларға Қарулы Күштердің белгілері бар грамоталар мен кәдесыйлар табысталды.

Спорттық жарыстардың арқасында балалар әскери бөлімнің спорт кешенінде жұмыс істейтін спорттық үйірмелер мен секцияларында не үйренгендерін көрсете алды, - деп жазды Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы