Әскерилер 15 дәрігерді өлтіріп, бульдозермен қазылған зиратқа жерлеп кеткен
Дүйсенбі күні палестиналықтар Газа секторының оңтүстігінде израиль әскері өлтірген 15 дәрігер мен шұғыл қызмет мамандарын жерледі. Олардың мәйіттері мен бүлінген жедел жәрдем көліктері израильдік бульдозерлермен қазылған жаппай қабірден табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ apnews.com-ге сілтеме жасап.
Палестинаның Қызыл Жарты Ай ұйымының мәлімдеуінше, қаза тапқан мамандар мен олардың көліктері медициналық және гуманитарлық қызмет өкілдері ретінде айқын белгіленген. Ұйым Израиль әскерін оларды "суыққанды түрде" өлтірді деп айыптады. Ал Израиль әскери күштері белгісіз көліктер оларға "күдікті түрде" жақындаған соң оқ атқанын алға тартады.
Құрбандардың арасында Қызыл Жарты Айдың сегіз қызметкері, Газа азаматтық қорғаныс төтенше бөлімінің алты маманы және БҰҰ-ның палестиналық босқындар жөніндегі агенттігінің бір қызметкері болған. Халықаралық Қызыл Крест пен Қызыл Жарты Ай ұйымы бұл оқиғаны соңғы сегіз жылдағы ең қанды шабуыл деп бағалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"eGov ескірді". Министр портал туралы не дейді?
Өзгелердің жаңалығы