Әскери ЖОО-да білім алу: артықшылық пен ерекшелік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары, спикер Әсет Қайролдаұлы әскери ЖОО-ның айырмашылығы мен артықшылығы туралы айтып берді.

- Жуырда түлектер әскери оқу орындарын бітірді. Жас лейтенанттарды бөлу тәртібі қалай өтіп жатыр?

- Биылғы маусым айында Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарында жас түлектерді шығару рәсімі өтті. Қазіргі таңда біздің түлектер Қарулы Күштерінің алғашқы әскери офицерлік лауазымдарына тағайындалып, міндеттерін атқаруда.

- Ал шетелде білім алып жүрген түлектердің лауазымға тағайындалуы туралы айтсаңыз?

- Шет мемлекеттердегі жоғары әскери оқу орнын бітіргендер мен Қарулы Күштердің оқу орын бітірген түлектер экстерриториальдық қағида бойынша тағайындалуда. Ол нені білдіреді? Біз оны қалай түсінеміз? Түлектер туған жеріне, ата-анасы тұратын жерде әрі қарай қызмет атқаруға жіберілмейді.

- Қорғаныс министрлігіінің жоғары оқу орындарына түсу қашан басталады? Сонымен қатар былтырмен салыстырғанда биыл өзгерістер бар ма?

- Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына қабылдау 27 шілдеден 11 тамызға дейін жалғасады. Әрине. Былтыр карантиндік шектеулерге байланысты жоғары әскери оқу орындарына дистанциондық форматта Қазақстан азаматтарын қабылдадық. Биыл болса, біз стандарттық форматта өткізуді жоспарлап отырмыз. Енді оның бәрін аймақтағы эпидемиологиялық жағдайына байланысты өткіземіз.

- Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсуге қарастырылған талаптар қандай?

- Жоғары әскери оқу орындарына түсетін азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдары бойынша біріншіден, оқуға түсетін жылы 17 жасқа толатын азаматтар қабылданады және ол азаматтардың жасы 22-ден аспау керек. Екіншіден, Қазақстандық азаматтар әскери борышын атқарған және атқарудағы азаматтар оқуға түсетін жылы олардың жасы 24-тен аспау керек. Үшіншіден, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің жасы 25-тен аспау керек.

- Ал қазақстандықтар шет ел мемлекетінің жоғары әскери оқу орындарына қалай түсе алады?

- Шет мемлекеттегі жоғары әскери оқу орындарына түсу талабы Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Ол біздің ішкі әскери оқу орындарында 3 әскери институтқа курсанттарды қабылдаймыз. 1 курсты бітіргеннен кейін олар конкурс арқылы шет мемлекеттерге әскери оқу орындарға жіберіледі.

- Әскери оқу орындарының азаматтық оқу орындарынан айырмашылығы неде? Ерекшелігі десек те болады...

- Азаматтық жоғары оқу орындарына қарағанда біздің әскери оқу орындарының ерекшелігі оқуға түскен кезде толықтай мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуінде. Ол біріншіден степендия, екіншіден тамақ, үшіншіден киім-кешек, жататын орны. Олар не казармада, не болмаса жатаханаға жайғасады. Одан басқа негізгі демалысының немесе қайтып келе жатқан кездегі, әскери практикаға барған кездегі және қайтқан кезінде жолақысы толықтай мемлекет тарапынан төленеді.

- Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында оқу жеңілдіктері немесе грант қарастырылған ба?

- Негізі әскери оқу орындарында грант деген түсінік жоқ. Неге десеңіздер әскери оқу орындарында толық тегін оқытылады. Мемлекет тарапынан бүкіл қаражат қарастырылған. Қазақстан Республикасының заңдарында әскери оқуға түсуге қарастырылған жеңілдіктер бар. Біріншіден ең алғаш оқуға түсетіндер үшін жетім, ата-анасыз қалғандар. Екіншіден әскери қызметте әке-шешесі қаза болған және мүгедек болып қалған әскери қызметшілердің балалары. Үшіншіден арнайы әскери оқу бағытында оқу бітірген біздің түлектер. Төртіншіден алтын белгі иегерлері және халықаралық олимпиадалар мен халықаралық ғылыми конкурстарға қатысқан біздің Қазақстан Республикасының азаматтары.

- Асет Қайроллдаұлы тұшымды жауабыңызға рахмет!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы