31 Наурыз 2024 2024, 16:33
Әскери ұшқыштар Қоғалы ауылынан 68 адамды эвакуациялады
Қарулы күштердің тікұшағы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қоғалы ауылынан 68 адамды көшірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарулы күштердің тікұшағы Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қоғалы ауылынан 68 адамды көшірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қобда ауданы Қоғалы ауылында зардап шеккендерді эвакуациялау аяқталды.
Әуе қорғанысы күштері әскери институты ұшқыштарының экипажы ауылдың 68 тұрғынын Қобда ауданының орталығына көшірді.
Қобда мектебіне 29 ересек адам мен 37 бала орналастырылды, оның екеуі — нәресте.