Әскери ұшқыштар күрделі метеорологиялық жағдайларда шеберлігін шыңдауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының базасында армия авиациясы ұшқыштарының жиыны өтіп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлгінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынның практикалық бөлігі «Хлебодаровка» далалық әуеайлағында ұйымдастырылды. Әскери институттың авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов ұшуды басқарды.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарынан соң әуеайлақ жарық техникалық жабдықтар кешенімен және әуе кемелерін қондырудың радиолокациялық жүйесімен жарақтандырылған. Бұл түнгі уақытта, күрделі метеорологиялық жағдайларда, оның ішінде қар жамылған ландшафта және ауа температурасы төмен кезде ұшуға дайындық шараларын жүргізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті институт бастығы.
Ұшу шеберлігі мен дағдыны арттыруға бағытталған оқу-жаттығу ұшуларын армия авиациясының экипаждары Ми-8МТ көліктік-әскери және Ми-35М жауынгерлік тікұшақтарында орындайды.
Жиын бір ай бойы өтеді. Осы кезеңде 30-дан астам ұшқыш дайындалады. Сынақтар тапсырған ұшу құрамына тиісті «3-сыныпты ұшқыш», «2-сыныпты ұшқыш», «1-сыныпты ұшқыш» және «ұшқыш-мерген» сыныптық біліктіліктері беріледі.