Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионы Каспий теңізіне жиын-жорыққа шықты

Әскери кемелер Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы генерал-майор Серік Борамбаевтың басшылығымен жиын-жорық өткізу үшін Каспий теңізіне шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған «Маңғыстау», «Сарыарқа», «Орал», «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кемелері, «Алатау» мина-трал кемесі және «Жайық» гидрографиялық кемесі тартылған. Олар жеті күн ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының барлық шекара маңындағы су аумақтарын аралап өтеді.

Әскери теңізшілер әуе шабуылына қарсы, кемеге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастыру, сондай-ақ біртекті қосылыстар құрамында маневр жасау мәселелерін пысықтайды.

Кемелер АК-306, «Барьер ВК» және «Арбалет» жүйелері, 23 мм зениттік қондырғы және 12,7 мм пулемет сияқты кеме қаруларын қолдана отырып, теңіз нысандарына практикалық атыс жүргізеді, – деп нақтылады әртекті кемелер дивизионының командирі 3 дәрежелі капитан Руслан Яхьяров.

Жиын-жорық Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Іс-шаралар өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және олардың қойылған міндеттерді орындауға дайындығын арттыруға бағытталған. Жинау-жорық оқу кезеңіндегі дивизионды тексерудің соңғы кезеңі болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы