Әскери сүңгуірлер шеберліктерін шыңдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сүңгуірлік даярлық порттарда, акваторияларда, суларда және жағалауда жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жүргізіледі.

Әскери-теңіз күштері сүңгуірлерін бастапқы даярлау бассейнде жүргізіледі. Ашық теңізге түспес бұрын әскери қызметшілер қажетті дағдыларды алуы керек. Алғашқы сабақтар-теория.

Жауынгерлік жүзушілер жабдықтың материалдық бөлігін және тактикалық-техникалық сипаттамаларын зерделейді, сынақтар тапсырады және сүңгуір жабдығын пайдалануға рұқсат алады.

Сүңгуірдің Үйренетін бірінші нәрсе-су астындағы дұрыс тыныс алу, аппараттағы қысымды теңестіру. Сондай-ақ, стресске төзімділік жаттығуларын және төтенше жағдайларды жою әдістерін үйрену қажет. Нұсқаушылар оқытудың барлық кезеңдерінде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөледі.

Жеңіл сүңгуірлік дайындық бойынша жыл сайынғы курстан әскери сүңгуір мамандығын таңдаған жаңадан келген әскери қызметшілер өтеді. Мұндай сабақтардың бірінші кезеңі бассейнде өткізіледі. Бізді акватлон, су астындағы қоян-қолтық ұрыстарын үйретеді. Бұл сабақ барысында ағзаның гипоксияға төзімділігі және су ортасында болу сенімділігі сияқты қасиет дамиды - деді топ сержанты 3-сыныпты сержант - сүңгуір Руслан Орынбаев.

Айта кету керек, қыста бассейнде сабақтар аптасына үш рет өткізіледі. Көктемде, жылудың басталуымен Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлері ашық су айдындарында сүңгуге кіріседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы