Әскери қызметшілер балаларға жаңа жылдық мереке сыйлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық шырша өткізілді.


Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс қызметінің ұйымдастыруымен өткізілген бұл мерекелік шараға 300-ден астам бала қатысты.


Қызметтің штаттан тыс нұсқаушысы Ақбота Мұстабекованың айтуынша, басты мақсат – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, әрқайсының өзіндік орны бар қоғамның толық мүшесі екенін сезіндіру.


Дәстүрге сай балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырдық. Барлық балалар бірге өз өнерлерін көрсетті, түрлі сайыстарға, ойындарға қатысып, бірін-бірі қолдап, уақыттарын көңілді өткізді, - деп атап өтті Мұстабекова.

Балдырғандар аниматорлармен бірге ертегілер еліне саяхаттап, шыршаны айнала би билеп, шат-шадыман болды.


Мереке соңында балаларға әскери институттың басшылығы атынан жаңа жылдық сыйлықтар тарту етілді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы