Әскери қызметші Ақжалдан Астанаға дейінгі қашықтықты жүгіріп өтпек

Қорғаныс министрлігінің Спорт комитетінің әскери қызметшісі ефрейтор Бауыржан Әбдіхаим 500 шақырымды еңсермек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзінің ультрамарафонын ол Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне арнап отыр. Бауыржан Әбдіхаим жүгіруін 2 мамырда таңғы сағат алтыда Балқаш қаласының маңындағы Ақжал кентінде бастады. Бағыт Ақжал, Ақсу-Аюлы, Ақсу, Қарағанды, Осакаровка және Астана арқылы өтеді. Әскери спортшының есептеуі бойынша ол күн сайын 100 км жүгіреді. Мәре 6 мамырда Астанада болады деп жоспарланған.

Марафон оңай болмайды. Менің міндетім – күшімді есептеу және тапсырманы орындау. Ең бастысы, маған сенетіндер қатары қалың, мен тәлімгерлер мен әріптестердің үмітін ақтауға тырысамын, – деді спортшы.

Жарысты Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері тіркейтін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ortalyq.kz
Өзгелердің жаңалығы