Әскери қызметкерлердің қатысуымен болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Жамбыл облысында әскерилер мен бейбіт тұрғындар арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде әскерилер мен бейбіт тұрғындар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалған. Оқиға Отар ауылында болған.

Қорғаныс министрлігі оқиғаны растап отыр.

1 қаңтарда Жамбыл облысы ІІД Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, төбелес салдарынан екі азамат дене жарақатын алды. Тергеу барасында Гвардиялық гарнизонның келісімшарты бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің оқиғаға қатысқаны белгілі болды, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қылмыстық-процестік кодексінің 128 және 131-баптарына сәйкес алты адам ұсталды, оның ішінде екі әскери қызметкер қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында отыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив
Өзгелердің жаңалығы