Әскери қызметкерлер Бибігүл Төлегенова жаңа жасымен құттықтады
Алматы гарнизонының әскери қызметшілері күміс көмей әнші Бибігүл Төлегенованы құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атақты опера әншісінің 94 жасын құттықтап, кездесу мемлекеттік мерекемен тұспа-тұс келді. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары мен Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалының әншісі Аружан Алпысбаева туған күн иесіне арнап танымал әншінің өз репертуарынан әндер шырқады.
Бибігүл Төлегенова есімі қазаққа ғана емес, жақын және алыс шетелде оның өнерін сүйетіндерге кеңінен танымал. Ол кино әлемінде де елеулі із қалдырды және бірнеше буын шәкірт тәрбиеледі. Бибігүл Ахметқызы жанкүйерлерін өр рухымен, табандылығымен және ақыл-ойының ұшқырлығымен таң қалдырып келеді. Әнші әскери қызметшілердің жылы лебізіне риза болып, оларға өзінің шығармашылығы туралы әңгімелеп берді.
Әскери мамандық Отанға шын беріліп адал қызмет етуді талап етеді және әрдайым өмірің тәуекел етумен байланысты. Бір жағынан, бұл ер-азаматты шыңдайды, екінші жағынан бұл қызмет абыройлы мәртебе. Егер сіз кәсіби әскери қызметші болам десеңіз, онда осы мақсатқа жетуде табандылық көрсетіп, Отан игілігі үшін оқып, еңбек етуіңіз керек, - деді Бибігүл Төлегенова.
Қазақтың бұлбұлы Қарулы күштердің барлық әскери қызметшілерін Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық пен бейбіт аспан тіледі.