Әскери прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеуге орай, 21 желтоқсанында әскери прокуратура ардагерлерінің, ғалымдардың, заңгерлердің, судьялардың және Шымкент гарнизонындағы әскери басқару органдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел шарасын Шымкент гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Телеу Бағлан Балтабайұлы ашып берді. Әскери прокурор өз сөзінде, барлық аймақтардағы әскери прокуратуралардың Отан игілігі жолында аянбай еңбек етіп, бүгінде өздері жасаған сол еңбектің жемісін көріп жатқанын, әскери бөлімшелердің арасында құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етіп отырғанын, сондай-ақ бір кездері Шымкент гарнизонының әскери прокурорлары болған құрметті ардагерлер жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды еңбек сіңіргендерін атап өтті.   

Қазіргі уақытта гарнизонның әскери прокуратурасы әскери басқару органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасауда, өз кезегінде олармен бірлесе отырып, әскери қызметшілердің арасында әскери құқықтық тәртіп пен заңдылықты қолдайды. 

Сондай-ақ шақырылғандардың қатарында, әскери соттың төрағасының міндетін уақытша атқарушы Бүрлібай Қайыпов, әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ғалым Қалдаров, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіндегі «Мансап» орталығының директоры доктор Ғалымжан Битұрсын, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі PhD факультетінің докторанты Гүлзағира Жарылқапова «Қазақстанның әскери прокуратура органдарының дамуы мен олардың қалыптасуы. Өзекті мәселелер мен перспективалар» тақырыбында баяндама жасап, өз кезегінде бірлесе отырып атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, Отанымыз Қазақстан Республикасының игілігі үшін ұзақ және қажырлы еңбек етуге тілек білдірді.   

Әскери прокуратураның қалыптасқанына 30 жыл толды және оның қалай басталғаны біздің бүгінгі күнге дейін жадымызда сақталуда. Әрбір сәт қызықты, біздің барлық бастамаларымыз, қатаңдық пен орындаушылық, адалдық пен әділдік, бізде қатар жүрген, бұл жағдай әлі де жалғасуда және әрі-қарай жалғасуы қажет. Біздің міндетіміз – әскери бөлімдер мен бөлімшелерде заңдылықты ұйымдастыру және заңға қайшы әрекеттердің жолын кесу және осының барлығын бірлесе отырып атқаруымыз керек, - деп атап өтті өз сөзінде әскери прокуратураның құрметті ардагері, запастағы полковник Мелдебек Әділбаев. 

Естеріңізге сал кетейік, осыдан тура 30 жыл бұрын, 1996 жылдың 17 ақпанында прокуратура органдары құрылып, осының негізінде әскери прокуратура органдары қалыптастырылған болатын. Әскери прокуратураның қызметі гарнизондардағы әскери бөлімдердің басқару жүйелеріне заңдылық пен құқықтық тәртіпті енгізу, олардың заңдылық пен құқықтық әрекеттерінің саласын қадағалау, заңсыз әрекеттердің жолын кесу болып табылады.

Құрылғанына тура 30 жыл болған әскери прокуратура органдары бүгінгі күнде де табанды, әрі мызғымас тұтас қамал ретінде еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай қызмет етіп келеді. 

Дөңгелек үстел шарасын қорытындылай келе, әскери прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толуын мерекелеуге орай, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, қылмыспен күресте, билік органдарының қызметін қадағалауда үлестерін қосып, еңбек еткен Шымкент гарнизоны әскери прокуратурасының ардагерлері Мелдебек Әділбаев, Бекенбай Әшіров, Асанхан Шабденов және Нұрзат Темірхановалар марапатталды.         

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы