Әскери полиция кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Әскери полицияның тарихы 1997 жылғы 22 сәуірде Президент қол қойған "Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Жарлықтан басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
26 жыл ішінде әскери полицияда әскери ортадағы құқық бұзушылықты бақылау мен алдын алудың тиімді жүйесі құрылды. Биылғы жылдың 14 наурызындақабылданған "Әскери полиция органдары туралы" жаңа заң да Қарулы күштердегі құқықтықтәртіпті нығайтуға, олардың мәртебесін арттыруғажәне өкілеттіктерін кеңейтугебағытталған.
Анықтау, жедел-іздестіруфункцияларын жүзеге асыратын, құқықтықтәртіпті, әскери қызметтің, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасызететін әскери полиция қару-жарақтыңозық түрлеріменжәне арнайы техникалық құралдарменжарақтандырылған.
Олардың арсеналындазаманауи автомобильдер, жылжымалыбекеттер, объектілердіқашықтықтан бақылау кешендері, лазерлікқашықтық өлшегіштер, бейнетіркегіштер және тексеру эндоскоптарыбар.
Жыл сайын 80-нен аса адам әскерге шақыру және одан әрі қызмет өткеру үшін әскери полиция мамандарын даярлау орталығында бастапқыоқудан өтеді. Әскери кинологтардың кәсіби шеберлігі халықаралықдеңгейде танылып келеді.
Әскери полицейлерҚазақстан Қарулы күштерінің спартакиадаларына, армиялықкөпсайысқа, жеңіл атлетикалық және халықаралық жарыстарғабелсенді түрде қатысып, әркез жүлделі орындар алып жүр.
Олардың кәсіби шеберлігі мен қойылған міндеттердіорындауға жауапкершілікпен қарауы елдің қорғанысқабілетін нығайтып, қазақ әскерінің имиджін арттыруға ықпал етуде.