Әскери патриоттық тәрбие – елдің табысты дамуының кепілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласында Қорғаныс министрі, облыс әкімшілігі мен «Жас сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігінің арасында өзара ісқимыл мен ынтамақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының әскери-патриоттық тәрбиенің ролін күшейту туралы халыққа жолдауының аясында өткен шарада ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Күлгінов және «Жас сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Мендіғалиев қол қойды.

Аталған құжаттың мақсаты жастардың бастамасын қолдау, одан әрі бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өскелең ұрпақты әскери-патриоттық шараларға ауқымды түрде тарту болмақ.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басты бағытының бірі – жастардың әскери-патриоттық тәрбиесі болып табылады. Бүгінгі күні әскери талдаушылардың бағалауы боынша әср төртінші әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушісі өзінің болашағын әскермен байланыстырады. Әскери-патриоттық клубтың қабырғасында оқыту мен қатайтудан өткен жастар, келешекте әскерге шақырылғанда немесе жоғарғы әскери оқу орындарына түскенде әскери ғылымды меңгеру және әскери қызмет жағдайына тез дағдыланады» - дейді мамандар.

Меморандумға қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін облыс әкіміне Батыс Қазақстан облысы бойынша «Жас сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының құрметті төрағасы куәлігі мен төсбелгісі табысталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы