Әскери оқуға түсу үшін талапкерлер тиісті сынақтар тапсырады

Әскери ЖОО-ға түсу үшін талапкерлер сынақтар тапсырады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақмола облысының Астана және Щучинск қалаларының әскери колледждерінде техникалық және кәсіптік білім беру жүзеге асырылады. Оған 9 және 11 сыныптарды аяқтағандар түсе алады. Және оқу мерзімі 2 жыл 10 айды құрайды.

Оқуды бітірген азаматтар «кіші сержант» әскери атағын және «В» мен «С1» санаттарындағы жүргізушілерді даярлау курстарын аяқтағаны жөнінде куәлік алады. Сондай-ақ олар әскери бөлімдерге жұмыспен қамтылады. Әскери колледжде оқуын үздік аяқтағандар жоғары әскери орындарға бірден 2-курсқа түсуге құқылы. Және қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша оқуын жалғастырады, - деп атап өтті полковник Ғазиз Әуесханұлы.

Осындай әскери институттарға қабылдау мерзімі 10 маусымға дейін, оған қоса азаматтар жергілікті әскери басқару органының басшысының атына өтініш беруі керек.

Денсаулық жағдайы бойынша оқуға жарамды, ҰБТ-дан кемінде 50 балл жинаған азаматтар 15 шілдеден 31 шілдеге дейінгі аралықта құжаттарды тапсыру үшін әскери институтқа келеді.

Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер әскери институтқа жайғастырылады және жабдықтау нормалары бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі. Әскери ЖОО-ға азаматтар мен әскери қызметшілерді қабылдау төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

I кезең – кәсіби-психологиялық іріктеу;

II кезең – әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу ережелеріне

сәйкес қорытынды медициналық тексеру;

III кезең – дене дайындығын тексеру;

IV кезең – конкурстық іріктеу және тіркеу.

Қабылдаудың әрбір кезеңін талапкер бір рет қана өте алады. Алдыңғы кезеңнен өтпеген талапкер келесі кезеңге жіберілмейді.

Сондай-ақ мамандардың сөзінше барлық оқу кезеңіндегі мектеп тәрбиеленушілері, кадеттер мен курсанттар мемлекеттің толық қамқорлығында болады. Әлеуметтік пакетке киім-кешек, күніне үш рет тамақтану, тегін медициналық көмек және жатақханада тұру кіреді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы