Әскери оқу орындарына түсу жеңілдеді

Әскери жоғары оқу орындарына түскісі келетін талапкерлер e-Gov порталы арқылы онлайн өтінім бере алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев айтты.

Оның айтуынша, егер оқу бұрын тоқтатылған болса, жеке кабинетте ЖОО-да қалпына келтіру қызметі қолжетімді. Бұдан басқа, алдын ала медициналық комиссия алынып тасталып, арнайы тексеру қашықтан жүргізіледі.

"Sarbaz 2.0" бағдарламасы аясында 2023 жылдан бастап біз мерзімді қызметтегі сарбаздарды бағалау, жауынгерлік даярлықтан өту жұмысын ашатын арнайы бағдарлама әзірледік. Онда атыс дайындығы, дене шынықтыру дайындығы, заңнаманы білу және т.б. бағаланады. Соңында ҰБТ тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсу үшін мамандықтарды таңдау мүмкіндігі бар. 2023-2024 жылдары 6 мың сертификат берілді. Осы жылдан бастап 10 мыңнан астам адам сынақтан өтті, оның 2100-і мемлекеттік гранттардың иегері атанды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы