Әскери қызметшілер жедел әрекет ету жаттығуларына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғаш рет Ресей Федерациясының әуе-десанттық әскерлерінің базасында ҰҚШҰ ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қолбасшылығымен командалық-штабтық жаттығу өтеді.

Командалық-штабтық жаттығуға Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның әскери қызметшілері, Біріккен штаб және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы хатшылығының қызметкерлері қатысады.

Командалық-штабтық жаттығу Мәскеу облысында орналасқан әуе-десанттық әскерлері басқармасының 38-ші гвардиялық бригадасының базасында ұйымдастырылған. Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің шарасына ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров басшылық етеді, - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.
Жаттығу барысында әуе-десанттық әскерлерінің ҰҚШҰ жедел әрекет ету ұжымдық күштері басқару пунктінің құрылымы сынақтан өткізілетін болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы