Әскери қызметшілер суға десанттауды орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы, Капшағай және Талдықорған гарнизондарының әскери қызметшілері Қапшағай су қоймасында жауынгерлік даярлықтың ең қиын элементтерінің бірі – суға десанттауды орындады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің ресми сайты.

Десантшылар «Беркут-2», «Мальва-аксиома», «Импульс-18», «Импульс-12» және 4 сериялы Д-6 парашюттік жүйелерін пайдалана отырып 150-ден астам секіруді орындады.

Жаттығуларға суға десанттаудан бұрын арнайы даярлықтан өткен тек тәжірибелі офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ғана жіберіледі. Олардың әрқайсысы киім-кешекте жүзе білуі тиіс, – деді 35-гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің әуе-десанттық даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Әбдірахым Юлдашев.

Оқу-жаттығу суға секіру тек күндізгі уақытта, судың белгілі бір температурасы кезінде және жағадан біршама алыс жерде жүзеге асырылады. Бұл жаттығу толық жабдықталған күйде суға түсумен күрделенеді, ал әуедегі парашютшінің әрекеті суға қону кезінде аспалы жүйені тез босатумен қиындатылады. Әскери қызметшілерден жоғары зейінділік, төзімділік пен ұстамдылық талап етіледі.

Жалпы мамандық бойынша даярлық уақытында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері 2000-нан астам секіруді орындады, оның 150-ден астамы – түнгі уақытта және 150-ге жуығы – суға қонумен орындалды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы