Әскери қызметшілер Қазақстан – Түркия бірлескен маневріне қатысуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Анкара қаласында 28 маусым мен 12 шілде аралығында «Анадолы – 2021» оқу-жаттығуы өтуде. Оған Әзербайжан, Албания, Қазақстан, Қатар, Пәкістан, Түркия және Өзбекстан Қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері қатысуда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу ниеті бойынша Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері арнайы операцияны жоспарлау және үйлестіру жөніндегі штабтық жұмысқа, сондай-ақ, жекелеген тактикалық эпизодтарға тартылды.
Екі күн бойы арнайы міндетті кешенді орындау барысында бөлімшелердің қалалық жердегі тактикалық іс-қимылы, мергендік даярлық элементтері, авиацияны нысанаға бағыттау және десант түсіру тәсілдері пысықталуда.
Қазақстан әскери қызметшілерінің «Анадолы – 2021» оқу-жаттығуына қатысуы қару-жарақ пен керек-жарақтың қазіргі заманғы және перспективалы үлгілерін, шет мемлекеттер арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің даярлық жүйесі мен іс-қимылы тактикасын зерделеуге ықпал етеді. Одан басқа, бірлесіп маневр жасау Қазақстан мен Түркияның арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға оң әсер ететіні сөзсіз, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы