Әскери қызметкерлер наурыз айында вакцина салдырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери қызметкерлер наурыз айында вакцина салдырады, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Әзірге вакцинаның қай түрі екені нақты айтылған жоқ. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қарулы күштерде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирус жұқтырғандардың саны елдегі орташа көрсеткіштен де төмен. Яғни жауынгерлік даярлық пен оқу-жаттығу шаралары жоспарлы түрде өтіп жатыр.

Сондай-ақ, індет тағы өршісе, Қарулы күштер халыққа медициналық көмек беруге әзір. Әскери далалық госпитальдар мен 24 дәрігерлік-медбикелік бригада ұйымдастырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы