Әскери кафедраны бітіргендер қандай атақ алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері Айбар Сабыртайұлы онлайн брифинг барысында студенттердің Әскери кафедраға қалай іріктелетіні жайында сөз қозғады.

Оның айтуынша, іріктеу комиссиясының жұмысы төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең - студенттердің медициналық куәландырудан өтуі. Екінші кезең - кәсіби психологиялық тестілеу, үшінші кезең - бұл дене шынықтыру жағдайын тексеру. Төртінші негізгі өз ұпайын шығаратын конкурстық коммиссияның жұмысы, - деді ол.

Айбар Сабыртайұлы кафедраны аяқтағандар қандай әскери атақ алатыны туралы толығырақ түсіндіріп берді.

Жалпы студенттерді әскери дайындықтан өткізудің екі түрлі бағдарламасы бар. Біреуі офицерлер бағдарламасы бойынша, ол екі жылға есептелген. Сержанттар құрамын жасақтау үшін сержанттар бағдарламасы бар. Ол студенттерді бір жылдық бағдарлама бойынша даярлайды. Екінші-үшінші курс оқыған кезге негізделіп дайындалған. Бұл бағдарламаға кейде белгілі бір себептермен студенттер үлгермей қалып жатады. Сол студенттер үшінші курстан бастап бір жылға есептелген сержанттық бағдарлама бойынша әскери дайындықтан өтуге болады, - деп тоқталды ол брифингте.

Сонымен қатар азаматтардың әскери шенге ие болуы туралы да сөз қозғады.

Айтуынша, олар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 13-бабы бойынша запастағы «лейтенант» және «кіші сержант» әскери атағын алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы