Әскери кафедраларда резервті даярлау жетілдірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің базасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы әскери кафедралардың бастықтарының қатысуымен семинар өтті.

Биылдан бастап әскери кафедралардың студенттерін запастағы офицер, сондай-ақ запастағы сержант бағдарламасы бойынша даярлау мәселесі талқыланды. Бұл 2020 жылы ҚР «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына тиісті толықтырулар енгізілгеннен кейін қолға алынды.

Қатысушыларға бірнеше әскери кафедралардың базасында сынақтан өткен «Геотактика» тактикалық іс-қимылының виртуалды үдеткіш бағдарламалық жасақтамасы көрсетілді.

Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Талғат Қалышев семинар соңында әскери кафедраларда оқу-тәрбиелік үрдісін әрі қарай жетілдіру мен әскери-оқытылған резерв ретінде запастағы әскери қызметшілерді сапалы даярлауға қатысты міндеттерді нақтылады. Жуырда өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында бұл тақырыптың өзекті мәселе екені атап өтілген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы