Әскери бөлімде тағы бір сарбаз қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Маңғыстау облысында сарбаз дарға асылып қалды. Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Азамат Сәрсенбаевтың айтуына қарағанда, оқиға бүгін таңғы 5 кезінде болған.

Бүгін Маңғыстау облысында шамамен таңғы сағат 5-те шекара әскерінің сарбазы асылып қалған жерінен табылды. Ол 2003 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны. Иманды болсын, - деп жазды ол.

Блогер сарбаздың қалдырған хатын да жариялады.

Сонымен қатар Бегабат Узаков есімді Facebook қолданушысы да осы оқиға туралы жазып, сарбаздың қалдырған бірнеше хатын жариялағанын көрдік.

Бүгін таңғы сағат 5 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Тешебаев Еділ Бақытұлы (20.03.2003) асылып қалғаны белгілі болды, - деп жазды ол.

Оның жазбасына сәйкес марқұмның отбасы Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тұрады. 

Әскери бөлімдегілер оның отбасына екі түрлі хабар айтқан. Алғашында аяқ киімінің бауына асылып қалған десе, кейін белбеуіне асылып қалған деген. Тағы бір айта кетерлігі, әскери бөлім сарбаздың отбасына марқұм жазып кеткен деп түрлі жазбалар жіберіліп жатыр екен, - деді ол.

Айтуынша, жазбаларда көрсетілген уақыт дұрыс көрсетілмеген. Жазу да марқұмға тиесілі емес көрінеді.

Марқұм кеше кеште таныстарынан, туыстарынан ақша сұраған, - деп жазба қалдырды желі қолданушысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: newtimes.kz
Өзгелердің жаңалығы