Әскери бітімгершілік әлеуеті нығаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік даярлық орталығына Ұлыбританияның әскери атташесі Роберт Бакстер мен «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасының менеджері Гэбриел Фаррелл барды.

Олар орталықтың оқытушыларына британдық тарап ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етті. 2020 жылдың қазанынан бастап бітімгерлерді даярлаумен айналысатын оқытушылар құрамы ағылшын тілін үйрену және оқыту курстарынан өтті.

Ұлыбританияның әскери атташесі «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасын табысты іске асырудың маңызын атап өтті. Ол қазақстандық офицерлерді даярлық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Оған қорытынды емтихандардың нәтижелері дәлел.

Бітімгершілік даярлық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин британдық тарапқа, сондай-ақ «InterPress» агенттігінің оқытушыларына курстарды ұйымдастырғаны, сондай-ақ тілді және бітімгерлерді даярлайтын қазақстандық оқытушылардың біліктілігін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Ұлыбританияның Қазақстандағы әскери атташесі мен «Бітімгерлерге арналған ағылшын тілі» жобасының менеджері Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгерлік әлеуетін нығайту бағдарламасы аясында Бітімгершілік даярлық орталығына жұмыс сапарымен барды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы