Әскери биозертхананы басып алды деген ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белгісіз біреулер Алматы маңындағы әскери биозертхананы басып алғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлады stopfake.kz

Хабарламада нысан жанында химиялық қорғаныс костюмдерін киіп алған мамандар жұмыс істеп жатыр, демек, қауіпті патогендер сыртқа ағып кеткен болар деп айтылған. Бұл жалған. Бұл қауесетті Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды. Бұл фейк. Нысан күзетілуде, – деп хабарлады ведомствода.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы