Әскери билет алып беріп отырған майор 350 мың теңге айыппұлмен құтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шекті жасына жетуіне байланысты әскери билет пен әскери есепте болу туралы анықтама беруге көмектескені үшін азаматтың қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденгені үшін күдікті деп танылған Т.Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы, майор К. Д. Мингбаевқа қатысты тергеуді аяқтады, - делінген хабарламада.Биыл 20 желтоқсанда Шымкент гарнизоны әскери сотының үкімімен К.Д. Мингбаев алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 350 мың теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан, сонымен қатар, майор әскери атағынан айыру жазасы тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан әуекоманияларының табысы 16% өскен
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы