15 Тамыз 2023 2023, 17:15
Фото: Қорғаныс министрлігі
Әскери авиабазадағы ТЖ: Әскери қызметші қаза болды
2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілердің өздігінен қозғалып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қаза болған, - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды. Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.