ҚР Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметіне;
Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметіне;
Асан Қуанышұлы Жүсіпов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.
Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы қызметінен;
Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.