26 Қыркүйек 2022 2022, 11:25
Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.