Бүгiн 2026, 09:17 Фото: видеодан кадр

Әскери ансамбль қазақстандықтарды «Наурыз» әнімен құттықтады

Шығармашылық ұжым тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық ансамблі «Наурыз» музыкалық композициясын орындап, Қазақстан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мерекелік қойылым қазақстандықтарға арнал­ған шығармашылық құттықтау болды және ел ішінде бірлік пен қуаныш атмосферасын қалыптастыруға бағытталды.

Ансамбль ұжымы бұл орындау арқылы халықтың ауызбіршілігін және ұлттық дәстүрлердің маңызын айқындауды мақсат еткенін атап өтті.