Әскерге шақырылатын жастардың денсаулығы қандай?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы Амантай Өсербаев әскерге шақырушылардың денсаулығына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, қазір әскерге шақырылушылардың денсаулығы қанағаттанарлық.

Біз 17 жастан бастап балаларды әскери есепке аламыз. Егер қандай да бір аурулар анықталса, онда жастар емделуге жіберіледі, сондықтан 18 жасында олар көбіне жедел қызметке жарамды болады. Жаңа буындағы әскерге шақырылушылар арасында жиі кездесетін аурулардың бірі – көру қабілеті нашар, сондықтан талаптар өзгеріп, төмендетілді, өйткені қазір 100 пайыз көру қабілеті бар әскерге шақырылушылар аз болды. Біз сондай-ақ үміткерлердің білім деңгейі мен психологиялық жағдайын ескереміз, - деді А. Өсербаев.

Биыл күзде Алматыдан 1500-ден астам жасты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. Жалпы, бір жылда мегаполистен 2 500-ге жуық адам шақырылады екен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы