Әскерге бармау мәселесін шешіп бермек болған алаяқ ұсталды

Қызылордада "армияға бармау мәселесін шешіп беремін" деп алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

19 желтоқсан күні полицияға 52 жастағы облыс тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгісіз азамат сеніміне кіріп, ұлын армияға жібермейтіндей шешіп беремін деп, 300 мың теңге көлемінде ақшасын алдап алған. 

Бірақ ол уәдесін орындамай, алған ақшасын да қайтармаған. Қазір жәбірленушінің ұлы әскерге шақырылып, Отан алдындағы әскери борышын өтеп жатыр. Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол 34 жастағы, еш жерде жұмыста жоқ, Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы