"Әскерден құтқару" операциясы сәтсіз аяқталды: Сарбаз қашты, досы жазаланды
Түркістан облысында әскерге шақырылған досын пойыздан түсіріп, қашырып жібермек болған жігіттің әрекеті сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркістан облысында әскерге шақырылған досын пойыздан түсіріп, қашырып жібермек болған жігіттің әрекеті сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға теміржол бекетінде болған. Жас жігіт әскерге кетіп бара жатқан досын шығарып салуға келген. Алайда қоштасу сәті күтпеген жанжалға ұласқан.
Куәгерлер мен іс материалдарында көрсетілгендей, жас жігіт сол жерде полиция қызметкерімен сөзге келіп, жанжал шығарған. Сол сәтте абыр-сабырды пайдаланған сарбаз пойыздан түсіп, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотымен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Азамат Ө. 2025 жылдың 25 мамырында сағат түнгі 00:30 шамасында, Түлкібас теміржол станциясының перронында, әскерге шақырылған досымен қоштасу барысында, полиция қызметкеріне кедергі жасап, қарсылық танытқан. Нәтижесінде әскерге шақырылған тұлға пойыздан қашып кеткен. Сотта, құқық бұзушы Ө. кінәсін толық мойындап, жеңіл жаза тағайындауды сұрады, - деп жазылған сот хабарламасында.
Сотта айыпталушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді.
Оның әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық деп танылып, оған 30 АЕК, яғни 117 960 теңге көлемінде айыппұл салынды.
- Қазақстан мен Малайзия жоғары оқу орындары академиялық ынтымақтастықты кеңейтуде 19:49
- Непалда су тасқынынан кейін мектептерді қалпына келтіруге $15 млн-нан астам қаржы қажет 19:10
- Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты 18:08
- Президент БРИКС cаммитінде бірқатар елдің және халықаралық ұйымдардың делегация басшыларымен жүздесті 17:50
- Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті 17:15
- Ақмола облысында 148 гектар аумақтағы дала өрті сөндірілді 16:51
- Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқан: 60-тан астам дәріхана мен медициналық ұйым жазаланды 16:15