Әскерден кейін ақысыз негізде оқуға түскендер тізімі жарияланды
Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін тегін негізде жоғары оқу орындарына түскен азаматтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ЖОО-ларға ақысыз негізде оқуға қабылданғандар саны – 650 адам.
Толық тізімді мына сілтемеден көруге болады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мерзімді әскери қызметін өткерген жастарды 100 пайыз жеңілдікпен 40-тан астам ЖОО оқытуға дайын екенін жазған едік.
Бұдан бөлек, әскерге барғандарды ҰБТ нәтижесіне қарамастан әскери оқу орнына қабылдау талаптары жарияланған болатын.
Сондай-ақ кеше Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов әскери міндетін өтегеннен кейін жұмыс істегісі келетін сарбаздарды мемлекеттік компаниялар мен ірі корпорацияларға жұмысқа тұрғызу жағын қарастыруды ұсынған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Айнұр Тұрсынбаева немерелі болды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы