Бүгiн 2026, 19:14 Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Әскерде енді 10 минутта психологиялық портрет жасалатын болды

10 минутта психологиялық портрет: Ұлттық ұлан Е-Nazar цифрлық жүйесін толықтай енгізуде

ІІМ Ұлттық ұланында Е-Nazar әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесі енгізілуде.

Жүйені енгізудің арқасында нәтижелерді өңдеу уақыты екі сағаттан 10-15 минутқа дейін қысқарды, қағаз құжаттамасының көлемі 80%-ға азайды, ал психологиялық қызмет мамандарының жұмыс уақытын жалпы үнемдеу шамамен 2000 сағатты құрап отыр.

Жүйе психологиялық тестілеуден өткізуді, нәтижелерді автоматты түрде өңдеуді және аналитикалық деректерді қалыптастыруды бірыңғай орталықтандырылған процеске біріктіреді.

Платформада мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және офицерлердің психологиялық тестілеуден өту мүмкіндігі қарастырылған. E-Nazar-дың басты артықшылықтарының бірі - дербес деректерді қорғаудың жоғары деңгейі, ақпаратты өңдеудің жоғары жылдамдығы, қағаз құжаттамасының көлемін азайту және психологиялық қызмет мамандарына жүктемені айтарлықтай азайту, - дейді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі. 

Психологиялық әдістердің электрондық нұсқаларын ұландық қос сарбаз - ефрейтор Ким Хён У мен қатардағы Берікжан Бектұрсынов аға офицерлердің басшылығымен әзірлегені жобаға ерекше мән береді. Олар жасаған ақпараттық өнім патенттелген, бұл оның жаңалығы мен практикалық маңыздылығын растайды.

Цифрлық жүйенің тиімділігі елордалық 5573 әскери бөлімінде тәжірибелік апробация барысында расталды. Сәтті тестілеуден кейін жоба Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының барлық бөлімшелерінде автоматтандырылған психологиялық мониторингтің бірыңғай құралы болуға дайын, - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін цифрлық технологиялар Қазақстан армиясын қалай өзгертіп жатқаны хабарланды