Әскерде әлімжеттік жоқ – Қорғаныс министрі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскерде ешқандай әлімжеттік жоқ деп мәлімдеді.

Кеңес заманындағыдай, қазір әскерде әлімжеттік жоқ.  Оның бір себебі - қазір отан алдындағы әскери борышынды өтеу бір жыл ғана. Сондықтан борыштарын өтейтіндер арасында қатты айырмашылық жоқ. Әрине, кез келген ер адамдардан құралған ұжымдарда кездесетін келіспеушіліктер, түсініспеушіліктер болады. Бірақ ол әскери әлімжеттік емес. Жүйелі түрде үлкендері кейіннен келгендерге күш көрсететін жағдай осы күні кездеспейді, - деді Нұрлан Ермекбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

Ол  армия қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлетінін және  бірінші орында екенін түсіндірді.

Ол  армия қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлетінін және  бірінші орында екенін түсіндірді. Бұл жыл әскери қызметтің қауіпсіздігі жылы болды.  Біз әскери полиция жанынан арнайы бөлім құрдық. Ол тамақтың сапасынан бастап, қауіпсіздікке байланысты мәселелерге дейін қарайды. Әскери қызметкерлерге, әсіресе әскерге шақырылушыларға қауіп-қатер алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда аз.  Біздің барлық жастар Қазақстан аумағында қызмет етеді. Олардың бәрі тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар жөніндегі командирдің ерекше назарында.  Барлық әскери бөлімдерде медициналық қызметтер көрсетіледі, - министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы