Әскер спортшысы бокстан Азия чемпионатында жеңіске жетті
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының әскери қызметшісі кіші сержант Сәкен Бибосынов бокстан әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында 51 келі салмақтағы әскер спортшысы малайзиялық боксшы Кайюм Ариффинді ұтып, бірауыздан төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осы жеңісінің өзімен-ақ еңбек сіңірген спорт шебері Сәкен Бибосынов әлем біріншілігінің бір медалін қанжығалады.
Қазақстандық әскери қызметшінің жартылай финалдағы қарсыласы – жапондық Томоя Цубой.
Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының тағы бір өкілі Асланбек Шымбергенов 7 қарашада үндістандық боксшымен жартылай финалға шығу үшін жұдырықтасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы