Әскер спортшысы әлемдік рейтингте көш бастап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спортшысы Жансель Дениз жаңартылған таэквондодан әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Рейтингте 73 келі салмақтағы әйелдер арасында Дениз 139.81 ұпаймен көш бастап тұр. Ресейлік Полина Хан 107.94 ұпаймен екінші орында, Оңтүстік Корея өкілі Да Бинь Ли үшінші орында тұр.
Бұған дейінгі рейтинг нұсқасында Жансель Дениз төртінші орынға табан тіреген болатын.
Армия спортшысының маңызды жетістіктері ретінде 2018 жылы Джакартада (Индонезия) өткен Азия ойындарындағы күмісін және 2017 жылы Тайбэйдегі (Тайвань) жазғы универсиадада алған «күміс» медалін айта кету жөн.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы