«Әскер барысы» анықталды

Алматыда «Әскер барысы - 2023» турнирі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әскери қызметшілер арасында қазақ күресі бойынша «Әскер барысы» Спорт комитеті – Алматы қаласының орталық спорт клубының базасында өтті.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мен күш құрылымдарының 28 командасының елу алты мықты палуаны (ҚР ҚК, ҚР ІІМ, ҚР ІІМ ҰГ, ҚР ҰҚК, ҚР МКҚ) «Әскер барысы» атағы үшін таласқа түсті. Турнирдің финалистері қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды, - деді ҚР Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының төрағасы Ольга Шишигина.

Жарыс нәтижесі бойынша жауырыны жерге тимеген палуан – Марат Байкамуров «Әскер барысы» атанды. Екінші орын мен республикалық жарыстың жолдамасы Ғалымжан Қырықбаевқа бұйырды. Үздік үштікті Асылжан Қуанышбеков толықтырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы